Туристер тамашалайтын нысандар көбеюде

Түркістан қаласы бүгінде күн санап көркейіп келеді. Әсіресе жарыса бой көтерген қала аумағындағы тұрғын үйлер мен көздің жауын алардай көркем ғимараттар өңір экономикасына жаңа серпін беруде. Қалға келетін туристерге жағдай жасау, туризмді дамуыту мақсатында да ауқымды жобалар жасақталуда. Олардың біршамасы қазірдің өзінде жүзщеге асып жатыр. 

f50da3f3-305f-4c4f-91a3-63f5535606b4.jpg

"YDA Insaat" түрік компаниясы Түркістан қаласында халықаралық әуежай салуды жүзеге асыруда. Инвестиция сомасы - 78,8 млрд.теңге. 1500 жұмыс орныт ашылады. Жобаны іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.

Ал, "Turkistan Silkway Harbor "ЖШС Түркістан қаласындағы АЭА-ИКО аумағында" Керуен Сарай " көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын жүргізуде. Көпфункционалды туристік кешенге жабық базар, Шығыс базары, фудкорттар, ойын-сауық аймағы, рекреациялық аймақтар және этникалық стильдегі қонақ үйлер кіреді. Инвестиция сомасы 83 млрд. теңгені құрайды.

Одан бөлек, «Жібек жолы» саябағыды жақын арадла ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Ашық аспан астындағы мәдени-тарихи мұражай, әуенді субұрқақ, «Әзірет Сұлтан» қорығына мәдени-тарихи Визит орталығы, тарихи-киелі орындар орталығы, Шығыс моншасы, Амфитеатр, «Ұлы дала елі» орталығы да туристерді қызықтыратын орталыққа айналмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер