Сарыағашта жылына 6 млн көшет өндіретін кәсіпорын бар

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібекжолы ауылдық округіндегі «Agro Tur» шаруа қожалығы 1 гектар жылыжайда ерте көктемгі дақылдардың көшеттерін дайындаумен айналысуда. Мұнда көшет түрлері мен санына шектеу жоқ. Яғни, жылына 5-6 млн түп көшет өндіруге қауқарлы. 

4f805941-c379-471b-941d-70484eacf893.jpg

Жобаның құны – 280 млн теңгені құрайды. Мұндағы барлық құрал-жабдықтар Түркиядан әкелінген. Қожалық иесі Тұрсын Тасходжаев түрік әріптестерімен келісім-шартқа тұрып, осы бір ауқымды жобаны іске асырып отыр. Бір айта кетерлігі, мұндағы көшет егу, өсіру, күтіп-баптау, суару секілді майда-мүйде жұмыстың бәрі компьютерленген. Яғни, соңғы үлгідегі автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Сол себепті қол күшін де аса қажет етпейді. Кәсіпорын бүгінге дейін 2 млн. түп көшет түрлерін өсіріп, саудалап үлгеріпті.

«Біздің жылыжайымыз соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондықтан біздің мүмкіндіктеріміз де орасан. Бір мезетте бірнеше түп көшетті өсіруге тапсырыс ала аламыз. Қазіргі таңда біз Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бірқатар аудандарының шаруаларынан тапсырыстар алып, толық орындап бердік. Алдағы уақытта Қазақстанның барлық облыс қалаларынан да тапсырыстар алуды жоспарлап отырмыз», – дейді қожалық төрағасы.

Түркиялық маман Нихат Ергуннің осында жүргеніне 6 ай болыпты. Ол осындағы жергілікті мамандарға жылыжайдың қыр-сырын үйретуде екен. Түркиялық маман Сарыағаш өңірінің климаты кез-келген жылыжай түрін орналастырып, көкөністің барлық түрін отырғызуға қолайлы екенін айтады. Алдағы бір-екі жылда 1 гектар көшет жылыжайының тапсырыс орындау қабілеті 8-9 млн. түп көшетке дейін ұлғайуы мүмкін. Ол үшін еліміздің түкпір-түкпірінен тапсырыстар көптеп қабылдануы тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер