Цифрландыру мақсатында 30-ға жуық жоба жүзеге асады

Биыл Түркістан облысында түрлі салаларды цифрландыру мақсатында 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өткен жылы облыс көлемінде цифрландыру саласы бойынша 17 жоба іске қосылған болатын. 

96eefc49-5eb7-4358-b92b-3f600bb86926.jpg

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 177 ауылдық округте электрондық құжат айналым жүйесі енгізілмек. 

«Облыста мектепте оқитын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ арқылы Түркістан және Арыс қалаларының 11 мектебінде бейне-камералар орнатылып, «қауіпсіз-мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Арыс қаласында 6 мектепке 135 бейне-камера, Түркістан қаласында 6 мектепке 162-сі орнатылды. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы №13 Науаи атындағы мектепке демеуші есебінен бір IT класс және бір STEM панель қойылды. Түркістан қаласындағы №27 мектепте турникет орнатылып, оқушыларға арнайы идентификациялық карточкалар таратылды. Сондай-ақ, Е-кітапхана жүйесі пилоттық жобада енгізілуде», - дейді облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.

Басқарманың ұйымдастыруымен биыл Түркістан және Кентау қалаларының 3-D модельдері құрылады және аэрофотосъемка жұмыстары толық аяқталмақ. Бұдан бөлек, қосымша салық түсімдерін арттыру мақсатында, цифрландыру құрылғыларының көмегімен арнайы алгоритм дайындалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер