«SMART TURKISTAN» мобильді қосымшасы іске қосылды

Биыл еліміз негізгі басымдықты цифрландыруға қарай бұрды. Барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. Жаңа жобаларды қоғамға енгізу барысында көптеген өзгерістер орын ала бастады.  Соның бірі де, бірегейі ретінде Түркістан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Smart City» тұжырымдамасы бойынша «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды.

02fd93cf-2215-428d-a641-39444e98a441.jpg

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі оңай алу цифрлық құралдар арқылы жүзеге асырылуда. Осы орайда, «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы облыс тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер, транспорт, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік саласы, жер қатынастары, такси қызметі, мемлекеттік органдар басшыларына виртуалды қабылдауға тіркелу, тұрғын үй кезегі және тағы басқа салалар бойынша қызметтерге, ақпараттарға жылдам әрі қолайлы қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әрі тұрғындар үшін өте  қолайлы. 

Бұдан бөлек, елімізде күн тәртібіндегі бірінші мәселеге айналған коронавируc індеті туралы соңғы жаңалықтар, алдын алу шаралары, облыс әкімдігімен жарияланған ескертпелер, хабарламалар осы мобильдік қосымша орнатылған ұялы телефонға хабарлама ретінде келіп отырады. Қосымша Android әрі Apple Store жүйелеріне қолжетімді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер