​Мақтаралдықтар мал бордақылауда

 image.png

Бүгінде мемлекеттік қолдаудың аясында кәсібінен нәсібін тауып отырған жандар көп. Әсіресе, бұл бағытта Түркістан облысында ет өнімін дайындайтын шаруалардың қатары артып келеді.

Бір ғана Мақтаарал ауданында 150-ге жуық мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Соның бірі – «Құдайберген» шаруа қожалығының иесі Тыстыбай Сырайловтың 2,5 гектар аумақты алып жатқан және құны 120 миллион теңгені құрайтын фермасы бар. Оның ішінде 400 мал басқа арналған қора-жайы дайындалып, жем-шөп сақтайтын қоймасының құрылысы аяқталған. Жеке меншігіндегі 10 гектар егістік жерінен жоңышқа егіп, өнімін жинап алады. Жеке кәсіпкердің ендігі мақсаты – мал басын көбейту үшін үлкен көлемде несие алып, ет өнімін экспортқа дейін шығару.

Мемлекеттің қолдауының арқасында Т.Сырайлов қазіргі таңда «Аграрлық несие корпарациясы» акционерлік қоғамынан «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңына 29,4 миллион теңге несие алып, жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жеке кәсіпкер 1000 бастық мал бордақылау фермасын салу жобасына қатысуда.

Айта кетейік, аудандық «Алтын күз – 2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің іс-шарасында шаруа «Озат мал бордақылаушы» номинациясын жеңіп алды. Кейіпкеріміз өткен жылы  31,5 тонна ет өндірген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер