Түркістан қаласына келушілер туристер саны жыл сайын артып келеді. Жалпы өткен жылы Қ.А.Яссауи кесенесіне келген келушілер саны 1,5 миллионды құрады. Бұл көрсеткішті 2025 жылы 5 млн-ға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл Түркістан қаласының туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени мен мінәжат ету туризмінің әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді және бұл көрсеткішті 2025 жылы 5 млн. келушіге жеткізілмек.
Айта кету керек, жалпы облыс бойынша 168 қонақ үй, 51 шипажай, 60 демалыс базасы қызмет көрсетеді.
Облыс аумағында экологиялық, тарихи-танымдық туризм бағытында 57 туристік маршрут әзірленген.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласында орналастыру орындарын халықаралық талаптарға сәйкестендіру үшін қонақ үйлер күрделі жөндеуде өткізілуде. Одан бөлек, кәсіпкерлерге туристерге қызмет көрсету барысы бойынша көптеген семинар тренингтер өтіліп, сапалы қызмет көрсету істері түсіндірілуде.
Түркістан қаласында туристерге толық ақпарат ұсынатын «Визит орталықтың», «Ұлы Жібек жолының ұлттық дәстүрлі қолөнер орталығының», халықаралық әуежайдың, «Яссауи мұражайының» және т.б. нысандардың құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы Х.А.Яссауи мұражайы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, Конгрес холл, Драма театры, әуежай, Атракционды қалалық саябақ іске қосылатын болады.