Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында туризмның дамуына ықпал ететін "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Сондай-ақ, өткен жылы "TURKISTAN" индустриалдық аймағы құрылды. Одан бөлек, «Түркістан» индустриалды аймағының аумағында инвесторлар және жұмысшыларға арналған заманауи стандарттарға сай эко қалашық құрылатын болады.
Түркістан облысына өткен жылы тартылған инвестиция көлемі 442 млрд. теңгені құрап, мақсатты индикатор 115 пайызға орындалды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 39 пайызға жоғары.
Облысымызда алғаш рет 2019-2024 жылдарға арналған Түркістан облысының инвестициялық жобаларының тізбесі қалыптастырылды. Оған жалпы сомасы 3,4 трлн. теңгеге 374 жоба енгізілген. Соның ішінде 50 жоба сәтті жүзеге асырылды. Ал биыл, 410 млрд. теңгеге жуық 100-ден аса инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жалпы Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында 41,5 млрд. теңгені құрайтын 58 жоба орналасқан, оның 25,1 млрд. теңгені құрайтын 30 жобасы іске асырылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 734 млн.тг көлемінде мемлекеттік бюджетке салық түсті. 2020 жылы 3 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаның іске асырылуы күтілуде.