​Ордабасыда қарбыз сусыз өсуде

image.png

Биылғы жылы Ордабасы ауданында жалпы инвестициялық құны 97 млрд. теңгеден астам қаржыны құрап, 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын пластмасса және мұнай-химия өнімдерін өндіруге бағытталған 4 жобаны іске асыру көзделіп отыр.

Ауданының өнім көлемі былтыр 79, 2 млрд теңгені құраған. Кірістің басым бөлігі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласына тиесілі. Ауданда бүгінде тамақ өнеркәсібі, фармацевтика, металлургия, машина жасау, құрылыс саласы мен кен өндіру өнеркәсібі сынды кәсіптермен айналысатын 35 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Соның арқасында халық тұрақты жұмыспен қамтылып келеді.

Инвестицция тарту бойынша да ауқымды істер атқарылып келеді. Мәселен, Ордабасы ауданында Израиль елінен келген инвесторлар қарбызды сусыз егіп жатыр. 130 гектар жерде жаңа технологиямен, сусыз қарбыз өсірген мамандард алдағы уақытта 40 гектардан жиналған қарбыз дәнін АҚШ-қа экспорттауды жоспарлап отыр. Шетелдіктер дәл осы қарбыздың дәнін косметика индустриясында пайдаланады.

Ауыл шаруашылығы саласына тоқталсақ,  егіс көлемі әлдеқайда артып 65 374 гектарға жеткізілген. Көбінесе суды аз қажет ететін дақылдарға көңіл бөлініп отыр. Соңғы жылдары аудан аумағында жылыжай салуға ниет білдірушілердің де қатары артқан. Былтыр жалпы көлемі 72 гектарды құрайтын бүкіл жылыжайлардан 8 580,3 тн өнім жиналған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер