Сарыағаштық диқандар ағынсудан тапшылық көрмейді

 

image.png

Мемлекет басшысының жолдауында ауыл шаруашылығын саласына айрықша көңіл бөлінді. Әсіресе, шаруашаларды мемлекет тарапынан қолдау керектігі бойынша үкімет мүшелері мен жергілікті әкімдікке нақты тапсырмалар берілді. Бүгінде өңірлерде жолдау жүктеген міндеттер бойынша нақты істер жүзеге асып жатыр. 

Биыл Сарыағаш ауданының шаруалары ағын судан тапшылық көрмейді. Өйткені мұндағы каналдар кезең-кезеңімен бетондалып жатыр. Солардың бірі – Жібек жолы және Қабланбек ауылдық округтерін кесіп өтетін ұзындығы 18 шақырымды құрайтын «Қожахан» каналы. Бүгінде мұнда құрылыс жұмыстары қыза түскен.

Құрылысы 2019 жылы шілде айында басталған жобаның жалпы құны – 1,55 млрд теңгені құрайды. Меншік иесі – «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Құрылысқа жауапты мекеме – «Гидроқұрылыс» ЖШС-гі. Нысанның негізгі мақсаты – Сарыағаш ауданындағы 1300 гектар аумақты ағын сумен қамту.

«Бұл жобаның құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айында толық аяқталады. Бұған дейін каналдың су өткізу қабілеті секундына 5 текше метрді құраса, құрылысы біткеннен соң бұл көлем едәуір арта түсетін болады. Бұдан бөлек, канал бетондалғаннан соң 1500 гектар егістік жерді ағын сумен қамтамасыз етіп, су үнемділігі 30 пайызға жетеді»,- дейді «Сарыағаш су шаруашылығы» ЖШС-нің директор орынбасары Нұрғали Арызқұлов.

Жалпы, Сарыағаш ауданы бойынша 9 мың гектар суармалы жер бар. Бұл көлем жыл санап артып келеді. Осы егістік алқаптарды ағын сумен қамтып отырған ірілі-ұсақты 20 канал бар. Оның ең кішісі секундына 2 текше метр су тасымалдайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер