Түркістандық кәсіпкер 2 млн. теңгенің ет өнімдерін елге таратты

 image.png

Елімізде «Біз біргеміз!» акциясы жалғасуда. Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған акцияға жанашыр азаматтар атсалысуда. Түркістан облысының кәсіпкері, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Тағаев та айрықша үлес қосып, 2800 келі күркетауық еті өнімімен демеушілік көрсетті.

«Мемлекет тарапынан қауіпті індетті таратпау, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен мұндай кезеңде әрбір азамат қолдан келгенше елге көмектесуі керек деп есептеймін. Біз бұл қиындықты бірлік пен тәртіп арқылы жеңеміз», – дейді Мұрат Тағаев.

Іскер азамат күркетауық етінен әзірленген шұжық және өзге де өнімдерді партиялық жобалар аясында әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға тарату үшін «Біз біргеміз!» акциясының үйлестірушілеріне ұсынды. Жалпы өнімнің құны 2 млн. теңгені құрайды. Партия өкілдері мен волонтерлар, «жасотандықтар» бұл етті аудан, қалаларда тізімдегі отбасыларға апарып бермек.

Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы құс» ЖШС бүгінде Қазақстанның бірнеше өңірін күркетауық етімен қамтып отыр. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Осы кәсіпорынды басқаратын Мұрат Тағаев бұған дейін де қайырымдылық акцияларына үлес қосып, демеушілігімен танылған. Меценат азамат, «Nur Otan» партиясының мүшесі Мұрат Тағаевқа жұртшылықтың алғысы мол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер