Автоматтандырылған жылыжайдан мол өнім алынуда

image.png

Соңғы уақыттарда Кентау қаласының сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Бүгінде келісі 350-300 теңге аралығына дейін түсті. Бағаның тұрақталуына қалаға қарасты ауылдардағы қияр өсіретін жылыжайдың іске қосылуы айрықша септігін тигізіп отыр. Жергілікті халық үшін игілігі мол агрожобалар шетел технологиясымен салынған.

Сондай жылыжайдың иесі Зиядолла Романов. Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны отбасылық кәсіпке айналған шаруақожалықты осыдан 5 жыл бұрын бастаған.

Тынымсыз еңбектің рахатын көрген шаруа жылда жерді ұлғайтып, кәсібін кеңейтіп келеді. Жылына 10-12 мың тонна қияр алып, жақын маңдағы елді-мекендерге, қалаларға өткізеді.

Жабық кешен тамшылатып суару әдісімен автоматтандырылған жүйеге қосылған. Ерте көктемде отырғызылған көшеттер бүгінде жемісін беріп жатыр. Жылыжайдан күніне 250 кг өнім жиналып, қаланың сауда орындарына жіберілуде.

«Шығып жатқан өнімімізді төмен бағамен өткізіп жатырмыз. Карантин кезінде клиенттерге жеткізу қызметі де қосылған. Отбасылық ісімізге айналған жылыжай шаруашылығын одан әрмен ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы 6 гектар жерге қияр, 6 гектар жерге қызанақ егетін боламыз», – дейді шаруа.

Осылайша бір отбасының әлеуетін көтеріп отырған қажырлы еңбек өз жемісін беріп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер