Теріскей мен Түркістан түйе шаруашылығын бірлесе дамытады

 image.png

Қазіргі таңда теріскейде түйе саны он мыңнан асып отыр. Жуырда түйе өсіретін шаруалар Түркістан қаласындағы «Colden Camel» зауытымен келісімшарт жасалды. Осының негізінде ауданда 4 қожалықтың қорасына 1 тонналық сүт қабылдау бекеттері орналастырылған.

Алдағы уақытта Теріскей өңірінде Ойсыл қара тұқымын көптеп өсіру ісі қолға алынып, оның сүтін тереңірек өңдеу жұмыстары да жандана түспек. Демек, қымыранға сұраныс артқан сайын шаруалардың да табысы көбеймек.

– Жуырда бізге Түркістан қаласындағы түйе сүтін терең өңдейтін зауыттан өкілдер келіп, 1 тонналық сүт қабылдау қондырғысын орнатып кетті. Онда өзінің салқындатқышы, қозғап тұратын тетігі бар. Зауыт өкілдері бір литр түйе сүтін 1000 теңгеден сатып аламыз деп отыр. Енді бірер айда бізде 20-30 түйе сауыла бастаса, аптасына шамамен 300 литр түйе сүтін өндіре аламыз. Бұдан бөлек, көрші шаруа қожалықтарының да сүтін қабылдап, шамамен аптасына 1 тонна шикі өнімді зауытқа өткізетін боламыз, – дейді «Бағдат» шаруа қожалығының жетекшісі Пәтима Нышанбаева.

Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың бастамасымен ірілі-ұсақты қожалықтарды біріктіру, асыл тұқымды түйе санын арттыру, сүт қабылдау бекеттерін ұйымдастыру мәселелері қолға алынды. Қазіргі таңда аудандағы төрт ауылдық округте сүт қабылдау бекеттері іске қосылды. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Игілік» бағдарламасының игілігін көрудe
  • Жұмыспен қамту күн тәртібінедегі мәселе
  • Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүзеге асуда
  • «Бизнес бастау» курсымен бизнес бастаған
  • Жетісайда спорттық аяқ киім шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер