Шардарада өңделген мақта талшығы, шетелге эспортталады

image.png

Елімізде мақта тек Түркістан облысында ғана өсіріледі. Өңірдің Мақтарал, Жетісай, Шардара, Ордабасы аудандары және Түркістан қаласының шаруалары мақта егу арқылы жер анадан несібесін алып отыр. Олардың ішінде мақта өсіру бойынша Мақтарал және Жетісай аудандарының үлесі жоғары.

Шардара ауданында жобалық қуаты жылына 50 000 тонна болатын, жалпы құны 5 475 млн. теңгені құрайтын «International Company of Cotton» ЖШС мақта өңдеу зауытын іске қосылды.

Кәсіпорын бір жыл ішінде зауыт мақта талшығына 144 000 тонна мақта өңдейді. 47 000 тонна мақта талшығы өнімдері Қытайға, Сингапур Республикасына және Өзбекстанға экспортталады. Зауытта 250 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Әзірге мұндай көлемдегі кәсіпорын Орталық Азия аумағында жоқ.

Мұндай тәжірибе мақтаны ең көп өндіретін АҚШ, Қытай, Үндістан елдерінде де бар.

Зауыттың өндірістің циклі толықтай автоматтандырылған, ондағы заманауи құрылғылар электр энергиясын үш есеге дейін үнемдеуге септігін тигізеді.

Заман талабына сай жұмыс істеп тұрған кәсіпорында жұмыс жүйесі автоматтандырылған.

International company of Cotton (ICC) жыл басында сынақ ретінде 1 мың тонна мақта өндірген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер