Келесте күйдірілген қыш шығады

image.png

Өңірлік индустрияландыру картасы аясында өткен жылы Келес ауданында 9 жоба іске асырылған. Жобалардың жалпы құны – 592,1 млн теңгены құрайды. Нәтижесінде 100-ден астам жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, алдағы жылы 3 ірі жобаны іске асырылу көзделуде. Олардың жалпы құны – 4 млрд. 100 млн. теңге.

Алдағы жылы ауданда жүзеге асатын жобалар: құны 1 млрд. теңгелік “Оңтүстік Агропродакшн” ЖШС 310 гектар аумаққа жерге грек жаңғақ егу, “Бес Қара” ЖШС 400 га қарқынды бау егу (құны 3 млрд. теңге), “Көшім” ШҚ-ның балық өсіру және балық етін өңдеу (құны 100 млн. теңге) жобасы. 

Сондай-ақ, «ТМ Строй 21» ЖШС жіп иіру және күйдірілген қыш өнімін өндірілуде. Жуантөбе елді мекенінде орналасқан кәсіпорынның жалпы құны – 250 млн. Теңге. Өндіріс орны жылына 1000 тонна пресс жібін дайындайды.

Ал жобалық құны 160 млн.теңгені құрайтын қыш зауытының жылдық қуаттылығы 32,4 млн. дананы құрамақ. Бүгінде 20 азаматты жіп иіру цехында, 48 азаматты кірпіш зауытында жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда кәсіпкер әр жұмысшы 90-100 мың теңге көлемінде айлық жалақы алып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер