Түркістан облысы - еліміздегі индустриялық аймағы көп өңірдің бірі

image.png

Түркістан облысы - еліміздегі индустриялық аймағы көп өңірдің бірі. Бүгінгі таңда Түркістан облысында 9 индустриялық аймақ бар. Өңірдегі аудан, қалаларды қосқанда жалпы аумағы 445 гектарды құрайды.

Қазіргі таңда Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Шардара, Түлкібас, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарындағы 7 индустриялық аймақтың инфрақұрылымы жасалынған. Бұдан бөлек аумағы 172 гектарды алып жатқан Бәйдібек және Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриялық аймағында инфрақұрылым жүргізіліп жатыр.

Таратып айтар болсақ, 2013 жылы құрылған «Түркістан» индустриялық аймағы алғашында 40 гектар болса, 2018 жылдың 27 желтоқсанында Түркістан қаласы әкімінің шешімімен тағы да – 200, артынша тағы 110 гектарға ұлғайды. Нәтижесінде аталған индустриялық аймақтың қазіргі жалпы аумағы 350 гектарды құрайды. Мұнда 20 жоба жүзеге асып, 1091 адам жұмыспен қамтылған. Олардың қатарында ламинат өндіретін ЖК «GrandMiks», шыныжелім арматура мен темір-бетон шығаратын «Мирас ДАМУ ЛТД» ЖШС, жабын плитасы мен тауарлы-бетон өндіретін «Айбек ЛТД» ЖШС және сол сияқты құрылыс материалдарын өндіретін бірқатар зауыттар жұмыс істеп тұр. Одан бөлек рухани астанада жиһаз, былғары өнімдері де нарыққа шыққан. Жүзеге асып отырған 7 жоба бойынша 330 жұмыс орны ашылған. Жыл соңына дейін 628,5 млн. теңгені құрайтын 3 жобаның жобалау актісі дайын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер