Жұмыспен қамту жүйелі түрде жүзеге асуда

image.png

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі биыл ерекше жағдайда өтіп жатыр. коронавирус індетінен сақтану мақсатында адам шоғырын болдырмау аса маңызды. Сондықтан Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның тапсырмасына сәйкес Сайрам ауданында мониторингтік топ құрылып, ауыл-ауылда түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысы Нұрлан Сарыбеков түсіндіріп өтті.

– Қазір мониторингтік топ аудан тұрғындарын жұмысқа тарту мақсатында мемлекеттік бағдарламаның "Қысқа мерзімді оқыту", "Бизнес бастау", "Жастар практикасы" бағыттарын түсіндіруде. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша жыл басынан бері 492 азамат оқуға ниет білдірді. Сол азаматтардың құжаттары жинақталып, дайындалуда. Бұдан бөлек, аудан көлемінде 234 жұмыс беруші 900 бос жұмыс орнына ваканция жариялады, – дейді Н.Сарыбеков.

Мониторингтік топ бір апта Қарасу, Манкент ауылдық округінде жұмыс істеді. Бұл жұмыстар басқа да ауылдық округтерде жалғасын табады.

Жалпы Сайрам ауданында 7339 азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тұрақты жұмысқа орналасады деп күтілуде. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында оның 1864-і жұмыспен қамтылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер