Ауылда кәсіппен айналысушылар көбейген

image.png

Ауылдың гүлденуі – елдің гүлденуі. Бүгінде Түркістан облысындағы ауылдарда егін егіп, мал өсіріп, кәсіп етушілер көбейіп келеді. Мәселен, Кентау қаласына қарасты Жаңа Иқан ауылында кәсіппен айналысушылардың саны артқан. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің үлесі басым.

Ауылдық округте 230 шаруа қожалығы, 3 өндірістік кооператив, 4 селолық тұтынушылар кооперативі орналасқан. Ондағы көпшілік бау-бақша, көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімдерімен айналысады.

Қазіргі таңда ауылда 12870 ірі қара мал, 50 100 қой-ешкі, 1280 жылқы, 8850 құс бар.

Көктемгі дала жұмыстарына тоқталар болсақ, жалпы жаздық-күздік бидай - 873 га, мақсары – 200 га, дәндік жүгері – 100 га, ескі-жаңа жоңышқа 1250 га, көкөніс – 100 га, картоп – 22 га, бақша – 750 га, сүрлемді жүгері – 50 га, мақта – 500 га егілген.

Жаңа Иқан Кентау қаласынан 85 км қашықтықта орналасқан ауыл. Ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 80514 га, оның 5459 га суармалы жер, 66112 га жайылымдық жерлер.

Биылғы жылы ауылдағы 1 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, келер жылы екі көше асфальттанбақ. Ауылды газдандыру жұмыстары да бастау алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер