Түлкібаста алма баудың көлемі артуда

image.png

Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма бау көлемін арттыру жылдан жылға қарқын алып келеді. Биыл ауданда жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілсе, 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 мың 150 тонна алма өндірілген. 2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл көрсеткіш 20 000 тоннаны құрады.

2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 га жерге алма бауы отырғызылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ.

Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тонна.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Ақбиік ауылдық округ аумағынан «Интер Фрут» ЖШС 742 гектар егістік жер алып, соның 300 гектарына егілсе ал, Шақпақ ауылдық округіне қарасты «Абайыл өнімдері» ЖШС 100 га жерге қарқынды бау егуді жоспарлауда.

Аймақта бау-бақшаға қолайлы аудан болғандықтан соңғы уақытта бағбандық шаруашылықты дамыту ісіне барынша көңіл бөлініп жатыр. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде. Мәселен, шаруалар баудың көлемі және тамшылатып суғару жүйесін қолданса мемлекеттен субсидия алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер