Кәсіп ашқысы келген 48 азамат жобасын өткізген

image.png

Төтенше жағдайдан зардап шеккен аудан экономикасын қалыпты жағдайға келтірудің бірден-бір тетігі кәсіпкерлік саласын дамыту. Осыны ескерген аудан әкімі Н.Байғұт өз кәсібін ашам деуші және кәсібімді ұлғайтамын деген аудан тұрғындарына қолдауды күшейту мақсатында «Жобалық кеңсе» құруды тапсырған болатын.

Аудан әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында бүгінгі таңда аудан әкімдігінің жанынан жобалық кеңсе құрылып, өз жұмысын бастап кетті.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Раймбеков, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түлкібас аудандық филиалының директоры М.Байғарашев, «ТURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Түлкібас ауданы бойынша бөлім басшысы Н.Ізтілеуов және ауылдық округ, кент әкімдерінен құрылған кеңсенің басты мақсаты өз ісін ашуға ниет білдірген азаматтардың қаржы ұйымдарына және екінші деңгейлі банктерден жеңілдетілген несие алуға жобаларын дайындауға көмек беру, құжаттарын реттеуге ықпал жасау болып табылады.

Бүгінде «Жобалық кеңсе» жұмысы жемісін бере бастады. Соңғы екі аптада кеңсеге өз кәсібін дөңгелетуге ниет білдірген 48 азамат жобаларын өткізсе, соның 12-сі қаржы ұйымдарына жолданып отыр.
Аудан әкімінің төрағалығымен әр аптаның сейсенбі күндері «Жобалық кеңсе» мүшелерінің отырысы өткізілуде. Ол жерде бір апта ішінде атқарылған жұмыстармен қатар кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсету механизмдері сараланады.

Осылайша Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдау шараларына ниет білдірушілерді жаппай тартуға жағдай жасалынып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер