Отандық аппараттың алғашқысы Мақтааралға берілді

022.png


 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен "Қазақстан Инжиниринг" АҚ-ы жасап шығарған 10 өкпені жасанды желдету аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2000-ға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге "Азала груп" компаниясы атсалысты. Жасанды тыныс алу аппараттары Мақтаарал аудандық "Мырзакент" ауруханасы мен "Атакент" ауруханасына табысталды.  

Айта кетейік, бұған дейін де "Азала груп" компаниясы медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды тегін таратып, жергілікті халықтың алғысын алған болатын. 

Сондай-ақ, еліміздегі карантин жағдайына байланысты Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Мәселен жергілікті кәсіпкер, “Астана Строй-Проект” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы аудандық "Мырзакент" ауруханасына 2 оттегі концентраторын сыйға тартты.

Оңтүстік Кореядан жеткізілген аппараттардың әрбірінің құны 700 мың теңгеден асады. Қазіргі таңда бұл медицинаға арналған аппараттар - пневмонияға шалдыққан науқастарды емдеуде таптырмайтын құрал саналады.

Медицина қызметкерлері өз тараптарынан қауіпті дертпен күні-түні  аянбай күресуде. Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2391 жағдай тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны – 1674.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер