Түркістанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты

081 — копия (2).jpg

 Түркістан облысында COVID-19 індетіне қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.   Ауру жұқтырғандардың саны күн санап азайып келеді. 

Ресми мәлімет бойынша бүгінгі күні облыста коронавирустық инфекцияның расталған 2615 жағдайы тіркелді. Соңғы бірнеше күн бойы бір күндік өсім 0.9 пайызды құрап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік жиында айтылды. 

Облыс бойынша соңғы 1 аптаның аралығында аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 14,2 пайызға төмендеген. Яғни, аурушаңдықтың төмендеу үрдісі байқалады. Індет облыстың барлық аудан, қалаларында  тіркелген. 

Бүгінгі таңда облыс бойынша 2116  адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты.     Инфекциялық стационарларда 124 науқас емделуде, симптомдары жоқ  569  тасымалдаушылар амбулаториялық ем қабылдауда. 

Облыс басшысы карантин режимі талаптарының қатаң орындалуын мониторингілеу бойынша мобильді топтың жұмысын жандандырып, қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қазіргі уақытта  облыстың қала-аудандарында мобильді топтар тәлуік бойы жұмыс істеуде. Аурудың дер кезінде анықтау, науқастарға медициналық көмек көрсетуде аталған топтардың еңбегі зор болды.  Осындай шұғыл шаралардың нәтижесінде өңірлерде аурудың өршуіне жол берілген жоқ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер