Белгіленбеген жерде мал сатуға, құрбандық шалуға болмайды

35.jpg

Түркістан облысы аумағында рұқсат етілмеген орындарда мал союды ұйымдастыруға және өткізуге, автокөліктерде және жеке үй иеліктерінде мал сатуға болмайды. Сондай-ақ, 31 шілде мен 2 тамыз аралығында Түркістан облысының орталық мешітімен белгіленген құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою орындарының жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов хабарлады. 

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдесіндегі №44 «Қатаң карантиндік шараларын енгізу туралы» қаулысына сәйкес, тұрғындардың арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері «Құрбан айт» мерекесі кезінде шектеу шаралары бойынша қаулы шығарды. Оған сәйкес, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй иеліктерінде және медреселерде адамдар көп жиналатын ic-шаралар өткізуге тыйым салынады. 

Айта кетерлігі, құрбандық шалуға онлайн режимінде www.qurban2020.kz сайтына өтінім беру арқылы құрбандық шалуға болады. Ол тізім бойынша мұқтаж жандарға үлестірелетін болады. Мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімдерді (құрбан болған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау кезінде санитарлық- эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер