Түркістан тұрғындары орталықтандырылған су жүйесін пайдаланады

57.jpgТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда орналасқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін шаһарды көгілдір отынмен қамтитын 7 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Облыс орталығын газдандыру ісі 11 кезеңмен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Түркістанда 7 262 абонент табиғи газға қол жеткізді. Жыл соңына қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, халық арасында табиғи газды қосуға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде облыс орталығының 170,028 тұрғыны (98,9%) орталықтандырылған су жүйесімен жабдықталған. Еліміздің рухани астанасына сапалы ауыз су магистралды су жүйелері арқылы Кентау қаласынан жеткізіледі. Мұнымен қоса, Кентау қаласынан Түркістан қаласының су қоймасына дейінгі магистральдық су құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жоба аясында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен 5 су ұңғымасын бұрғылау қарастырылған. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістанда орталық қазандық қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижелі жұмыстың арқасында жылыту маусымында 87 көпқабатты тұрғын үй, 60 коммерциялық нысан және 28 бюджеттік мекеме тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз етілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер