Шаңырағы шайқалғандар азайып, балалар саны көбейіп келеді

58.jpg

Ордабасы ауданында 2020 жылдын 1 тамызына барлығы 2906 азаматтық хал актісі тіркелген. Жыл басынан бері 1973 нәрестеге туу туралы куәлік берілген. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бала туу көрсеткіші өткен жылғы есепті кезеңде 1637 болса, биыл ауданда демографиялық өсім бар. Сонымен қатар, ауданда неке бұзу дерегі азайған. 2019 жылы бұл мезгілде 98 отбасы ажырасса, қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша шаңырағы шайқалғандар 22 жанұяны құрады.
Ордабасы ауданында халықты әлеуметтік қолдау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Өңірде қазіргі таңда 3834 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері бар.
Елімізде төтенше жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі 1492 балаға бүгінге дейін 24 575,5 мың теңге ақшалай көмек төленген. Сонымен қатар, 937 отбасының 5206 адамына 226 млн.-нан астам қаржы атаулы әлеуметтік көмек үлестірілді.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 110 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант беру жоспарланып, бұл мақсатқа 53 816,0 мың теңге қаржы бөлінді. ІІ тоқсанның қорытындысымен 39 адамның өтініші қанағаттандырылып, грант иегері атанды. Бұл азаматтарға 21209 мың теңге қаржы төленді. 16 азамат шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Жыл басынан 245 азаматқа «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарына жолдама берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер