Сайрам ауданы 1800 тонна ет экспорттады

61.jpg

Биыл Түркістан облысы Сайрам ауданында 84 тонна қой еті мен 1638 тонна ірі қара мал еті экспортқа шығарылды. Жыл соңына дейін сайрамдықтар бес тонна қой, екі мың тонна ірі қара етін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ауданы әкімі Ұласбек Сәдібеков хабарлады.

Бұдан бөлек ауданда соңғы алты айда жалпы 14833 тонна ет, 73095 тонна сүт, 8950 мың жұмыртқа өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда ет бағыты бойынша 107,9, пайызға, сүт 112,7 пайызға, жұмыртқа 105,5 пайызға артып отыр.

Сондай-ақ, ауданда төрт түлік саны да артып келеді. Мәселен, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында 263 353 бас ұсақ, ірі қара мал, оның ішінде 52 мың 943 басы аналық, 82 мың 75 бас ат, 165 мың 713 бас қой-ешкі, 132  мың 456 құс тіркелген.

Мұнан бөлек, бүгінде ауданда 1012 мал бордақылау орындары жұмыс істеп тұр. Осы алаңдарда бір мезгілде 43 мың бас мал бордақылануда. Сондай-ақ, биылғы жылы аудан бойынша 10-15 бастық 118 шағын мал бордақылау алаңдарын ашу жоспарланса, 6 айда оның 109-ы іске қосылған. Сонымен қатар, ауданда сүт өндіру мақсатында 10-15 бастық 27 жанұялық сүт ауласы құрылған.

Аудан аумағында асыл тұқымды ІҚМ басын арттыруға бағытталған іс-шаралар негізінде Қарабұлақ ауыл округіндегі орналасқан «Зафар» шаруа қожалығы және жеке кәсіпкер «Раимкулов» шаруашылықтары шет мемлекеттен 212 бас асыл тұқымды аналық мал басын сатып алған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер