Ордабасы ауданында демалыс орындары пайдалануға берілді

77.jpg

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде орналасқан Орталық саябақ аумағында абаттандыру жұмыстары аяқталды. "Өмір жолы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саябақтың бес гектарында «Даңқ» мемориалын, «Ауданның құрметті азаматтары» аллеясын, балалар алаңшасын, субұрқақ, спорт алаңшасын салып, ел игілігіне тапсырды.

«Даңқ» мемориалына Ұлы Отан соғысына ауданнан аттанған соғыс ардагерлерінің есімдері тасқа қашалып жазылып, онымен қоса 1979-1989 жылдар аралығында өткен Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне және бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың құрметіне ескерткіштер орнатылды.

Сонымен қатар, Төрткүл ауылында да абаттандыру жұмыстары басталды. "Даулет" ЖШС Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойынан аяқжол төсеп, арнайы беседкалар орнату жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, бұл аумақ жарықтандырылып, 12 мың 800 шаршы метр аумақ көгалдандырылады. Және де ойын алаңшасын салып, кіші футбол және баскетбол ойындарына арналған алаңдарды ел игілігіне беру жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер