Түркістан облысында орман қорын баптайтын бағбандардан тобы құрылады

89.jpg

Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбанның «қолы» қажет. Әйтпесе, төккен тер еш кетеді. Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын кезекті рет аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді.
«Түркістанның тынысына айналған жасыл алқапты арнайы мамандардың «қолына» тапсыру керек. Орман қорын баптайтын бағбандардан топ құрылсын. Көзбояушылық үшін ағаш егудің қажеті жоқ. Егілген екен, соны өсіргенше барыңды сал, еңбек ет. Қолыңнан келмей ме, маманына тапсыр. Отырғызылған көшеттерге күтіп жасап, қуратпай, өсіріп алу керек. Әйтпесе, төккен тер еш кетеді»,-деді облыс әкімі.
Түркістан қаласында көгалдандыру мен орман қорларын толықтыруға ерекше көңіл бөлініп, жасыл желекті аумақтар кеңейген. Биыл көктемде отырғызылған орман дақылдары жайқалып өсті. Жаңа аэропорт жолындағы 100 га астам жерге қарағаш, терек, үйеңкі, шаған, боз арша, талшын ағаштары егілген. Сондай-ақ, көше бойына жапондық сафора, сирия розасы мен аморфа отырғызылды.
Қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығы 100 мыңға жуық көшетпен қоршалды. Рекреациялық аймақтың жасыл белдеуі 27,2 га алқапқа, Бірлік ауылынан Қарашық өзеніне дейін 44 га алқапта көшеттер отырғызылған. Сонымен қатар Түркістан-Қызылорда тас жолы Баян ауыл жасыл белдеу 6 га алқапта тоғыз мың терек егілді. Және Түркістан –Кентау тас жолының бойындағы 80 га жерде «Жасыл белдеу» құрылған.
Экологтардың мәлімдеуінше, жаңа отырғызылған көшеттердің жерсінбеуі жиі кездеседі. Бұл әр аймақтың ауа-райына, топырағы мен суы, экологиясына тікелей байланысты жағдай. 2019 жылы күзде және биыл көктемде отырғызылған ағаш көшеттерінің қурағандарының орнына күзгі түгендеуден кейін қайта көшет отырғызылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер