Германия мпн Украинадан Түркістанға көмек жетті

100.jpg

Түркістан облысына Германия және Украина  мемлекеттерінен гуманитарлық көмек келіп жетті. Көмек медициналық бетперде, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады. 

Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды. Жалпы саны тқрт мыңнан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады. 

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін, барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады. Бұл шаралар облысымызда коронавирустың таралу жағдайы азайып, ақуал тұрақталғанша жалғаса бермек.

Індет тараған кезден бастап Түркістан облысына Қытай халық республикасынан, Ресейден, Біріккен араб әмірліктеріен, Жапониядан, Түркиядан, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан, Грузия және көптеген басқа да елдерден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардан қайырымдылық көмек келген. Коронавирус пандемиясымен күресте қажетті қор жеткілікті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер