Түркістан облысының Созақ, Төлеби, Бәйдібек, Сайрам, Ордабасы, Шардара аудандары мен Мақтаарал ауданы, Мырзакент елді мекенінінің және Леңгір қаласының провизорлық госпиталдерінен пневмонияға шалдыққан барлық науқастар жазылып шықты. Қазір аталған емдеу мекемелеріндегі провизорлық төсек-орындар бос тұр. Оған қоса, індеттің өршуіне байланысты қосымша провизорлық госпитальдары ашылған облыстық балалар ауруханасы мен тері-венерологиялық орталығы мен перзентхаларда да қазір пневмониямен ем қабылдап жатқан науқастар жоқ.
Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жалпы инфекциялық және провизорлық төсек-орындардың 70 пайыздан астамы бос. Атап айтқанда, инфекциялық станционарларда 225 орынның 152-де науқас жоқ. Провизорлық станционарлардағы 1000 төсек-орынның 129-да ғана науқас ем қабылдауда. Қалған төсек-орындар бос тұр. Соған қарамастан ауруханалардағы қосымша төсек қоры үнемі дайындық үстінде.
2020 жылғы 23 тамыздағы ахуал бойынша облыста коронавирустық инфекцияның расталған 3245 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 2931 адам яғни, науқастардың 88,1 пайызы жазылып шықты. Бір күндік өсім 0,3 пайызды құрады. Аурушаңдықтың төмендеу үрдісі байқалады.