Жұмыспен қамту шараларына 73 мың адам қатыстырылады

23.jpg

Халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

-Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн,-деген болатын. 

Бүгінде елімізде халықты жұмыспен қамту шаралары бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асуда. Мәселен, Түркістан облысында биыл Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 млрд 570,1 млн теңге қаралып, 73 996 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашов мәлімдеді.

Атап айтқанда, 43 714 адам бос және жаңа жұмыс орындарына, 1 140 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 704 адам шағын несие беруге, 3 650 адам «Бастау-бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 3 200 адам мемлекеттік грантқа, 3 050 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 5 390 адам жастар практикасына, 12 947 адам қоғамдық жұмыстарға, 198 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 3 адам мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орнына жолданатын болады.

«2021 жылдың 1 сәуіріне дейін биыл 23 972 адам жұмыспен қамту шараларына қатысып үлгерді. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша бекітілген кестеге сәйкес оқу 2021 жылдың 26 сәуірінде басталып, 5 ағымда жүргізіледі. Жалпы "Бастау Бизнес" жобасына қатысушылардың орта есеппен 66,4%-ы әлеуметтік және әлжуаз топқа жататын азаматтар оқытылады», - деді Нұржан Кеңесбұлы. 

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының экономикалық сұрақтар бойынша орынбасары Жанна Тілеубекова «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту карантинге байланысты онлайн форматта өтетінін хабарлады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер