Түркістан қаласында 450-ден астам қару иесі тексерілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес ағымдағы жылдың  мамыр айының 17-сі  мен маусым айының 17-і  күндері  аралығында  Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаты - тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. Бұл бағытта Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері облыс орталығында қарқынды қызмет атқаруда.  

image.png

Мәселен жалпы Түркістан қаласы аумағында 859 қару иелері бар болса, қазіргі таңда соның 453-і тексерілді. Тексеру барысында 62 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.  Қару сақтау ережесін бұзған үшін 52 азаматқа ҚР ӘҚБтК  484- бабы бойынша хаттама түзілді.  Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 486-бабы «Қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзғаны» үшін  10 адамға хаттама толтырылды.       

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қаруды дер кезінде тіркеп, оның сақтау ережелерін бұзбауға кеңес береді. Сонымен қатар, тіркелмеген қаруларыңыз болса, Полиция басқармасына келіп тапсыруды ескертеді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер