Елді дүрліктіргендер сотталады!

сейдуалиев.jpg

Төтенше жағдайда елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратқандар заңмен жазаланады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев айтты, деп  хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

–  Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деп аталады және оның санкциясында заң бұзушыға бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, талаптарды орындамағандарға Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 476 бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бүгінде Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау қаласында осындай 3 дерек тіркелді. Олар коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде тарқатқан. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде, – деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев. 

Сейдуалиевтің сөзіне сүйенсек, коронавирусқа қатысты іздестірілп жатқан жан жоқ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында тәртіп бұзған 16 адам қамауға алынды
  • Созақта құмар ойын кеңсесінің басшысы қамауға алынды
  • Төтенше жағдай режимін бұзған екі адам қамауға алынды
  • Төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға 54 әкімшілік шара көрілді
  • Қашып жүріп екі үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер