Түркістан облысының полицейлері «Пиротехника» іс-шарасын жалғастыруда

7db6f86a-d87a-4ce6-b856-4d00d6cad241.jpg

Облыс көлемінде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табуда.  Негізгі мақсат -  заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сату, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сондай-ақ сәйкестілік сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдерді  сатушыларды анықтау мен оларды жауапкершілікке тарту болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар Түлкібас ауданында да ұйымдастырылды.   Шара барысында полиция қызметкерлері табанды еңбек етіп, ел амандығы үшін күндіз-түні қызмет атқаруда. Нәтижесінде  Түлкібас ауданының еркін сауда жасауға арналған  аумағында, жергілікті тұрғынның  жарылғыш заттарды сатып тұрғандығы анықталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 196-бабы «Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу» бойынша хаттама толтырды. 

Қазіргі таңда өтіп жатқан іс-шара АПБ-нің басшылығы тарапынан қатаң бақылауға алынып,  ҚР-ның заңнамасымен тыйым салынған заттар сатылымға шықпауы  қадағаланып,  тиісті  жұмыстар жалғасуда.

Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындар назарына,  пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау міндет екенін ескертеді. Себебі от шашу кезінде адамдардың денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер