Әнші Алмас Кішкенбаевтың соты басқа күнге шегерілді. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді.
"Сот отырысы өтті, бірақ іс қаралмай, басқа уақытқа шегерілді. Сот жабық өткендіктен, отырыстың неліктен кейінге шегерілгенін білмейміз", – делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, Алмас Кішкенбаевқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттер жасау, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларды сыйламау, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас әрекеттер) айып тағылған.
Алайда әнші тағылған айыпты жоққа шығарған болатын. «Ашуланып отырмын. Ешкім қарамайтын сапасыз арналарға түрлісін шығарады. Оны халық көрмейді, олар инстаграмдағы анонсты көреді де, қорытынды шығарады. Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу, қайдағы біреу демей-ақ қояйын, ол да адам баласы. Бірақ мен оны мүлдем танымаймын. Неге мен мүлдем танымайтын адаммен байланыстырады?» – деді Алмас Кішкенбаев.