Шөкеев полиция жұмысын жоғары бағалады

шкон.jpg

Түркістан облысында Нұр-Сұлтан қаласынан келген жолаушылар автобусындағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 50 адам шұғыл түрде анықталды. Бұл үшін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қауіптің алдын алған Полиция департаменті қызметкерлеріне ризашылығын білдірді деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігінің Түркістандағы тілшісі. 

Облыс басшысы апталық лездеме отырысында еліміздегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз етуде үздіксіз қызмет ететін ішкі істер органдары қызметкерлерінің жұмысына оң баға берді. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан жолаушылар автобусындағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 50 адамды тез арада анықтап, қауіптің алдын алған полиция саласы өкілдерінің қырағылығын атап айтты. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде барлық жолаушылар оқшаулануға алынып, тиісті медициналық тексеруден өтуде. Карантинге жатқызылған автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Жиналыста баяндама жасаған Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков атқарылып жатқан жұмыстарды тарқатып айтып берді. Белгілі болғандай, қауіп төндірген қалааралық автобустың жүргізушісінде жолаушылар туралы ақпарат мүлдем болмаған. Жолаушылардың жеке басына қатысты мәліметтерін Түлкібас ауданындағы «Шақпақ» бақылау бекетінен өткен кезде блок-пост қызметкерлері жазып алған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер