Кентау ПБ-ның кезекші бөліміне тұрғындардың бірі көршісінің үйінде жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлама береді. Аталған жайтты бірден кентаулық полицейлер назарға алып, оқиға орнына бет алды.
Содан оқиға орнына жеткен полицейлер орта жастағы ер азаматтың түнгі уақытта халықтың мазасын алып жатқанын анықтады. Сонымен қатар полицейлер құқықбұзушы ер азаматты сабырға шақырып тыныштандырады. Полиция қызметкерлері азаматтың жеке басын анықтайтын құжатын тексеру барысында оның қалтасынан қара полиэтилен пакетіне оралған белгілі бір иісі бар затты тауып, тәркіледі. Бұл жайтты полицейлер ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеді.
Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі шамамен 3 грамм "марихуана" болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.
ТО ПД баспасөз қызметі