Түркістан облысында жоғалған 13 жасар қыз табылды

Түлкібас ауданы полиция бөліміне  кешкі  сағат 20:00 шамасында  Көктерек ауылының тұрғыны 13  жасар қызының  үйінен  белгісіз бағытқа шығып кетіп,  қайта оралмағанын айтып арызданған. Сондай-ақ анасының  өз қызын іздеп жүргеніне біршама уақыт  болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. 

image.png

Түлкібас аудандық  ПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған қызды  табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қала  көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде  кәмелет жасына толмаған  қызды ауыл ішінен  тапты.

 Осылайша, жоғалған 13 жасар қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды.  Тексеру барысында тәртіп сақшылары, қыздың ата-анасымен ұрысып  үйінен кетіп қалғандығын анықтады.

Қызымен қауышқан анасы полицейлерге өз алғысын білдірді: «Жоғалған баламды тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!»-деді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар ұл-қыздарыңызбен сырласып, ойын толық тыңдауға шақырады. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

 ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер