Полицейлер Тәуелсіздік күні қайырымдылық жасады

2103.jpg

Түркістан полицейлері мерекеде оқушыларға сыйлықтар табыстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  30  жылдығына орай  Түлкібас ауданының полицейлері  «Жүректен жүрекке»  атты  қайырымдылық акциясын өткізді. Атап айтсақ  полиция  қызметкерлері тарапынан  Түлкібас  ауданына  қарасты Құлан ауылында орналасқан  А.Гайдар атындағы жалпы орта мектебінде оқитын  жартылай  жетім, көпбалалы, аз қамтылған отбасы балаларына  түрлі  сыйлықтар табысталды.  Өткізілген жиынға  мектеп директоры  Мадияр Әбдихамитұлы, Түлкібас АПБ ЖПҚ инспекторы полиция майоры Айнұр Байжанисова қатысты.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген оқушылар   аудан сақшыларына ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі. «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болуды да естен шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады», - дейді  түлкібастық  полицейлер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер