Танысының телефонынан 100 мың ұрлап ұсталды

2106.jpg

Түркістан полицейлері ұялы телефоннан  ақша жымқырған  жас жігітті ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентау ҚПБ-ға  жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша  тамыз айында  өзінің ұялы телефонын жоғалтып алған. Содан 3  айдан  соң,  жәбірленуші жоғалтқан  ұялы телефонын үйінің ауласынан тауып алады. Алайда  жәбірленуші  телефонындағы банк қосымшасынан 100 мың теңге ақша жоқтығын көреді. Ақшасының ұрланғанын көрген жәбірленуші бірден полицейлерден  көмек  сұрайды. Аталған  жайтты  полицейлер   ҚР   ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде,  Кентау қаласының  полицейлері ақшаны жұмқырған ер азаматты  Қарнақ ауылынан ұстады. Ол  жергілікті тұрғын, жәбірленушінің танысы болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болу және телефондарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер