Үй тонауды кәсіп еткендер ұсталды

турп.jpg

Түркістан қаласының полицейлері бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар үй ұрыларын ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Түркістан қаласының полициясына облыс орталығының бір тұрғыны пәтер ұрлығы туралы  арызданған. Оның айтуынша,  күндіз үйіне терезе арқылы белгісіз тұлғалар кіріп, ақша мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығынның  жалпы көлемі  1,5 миллион теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. 

Ұрлықты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде полицейлер жергілікті екі күдікті тұрғынды қолға түсірді. Оның біреуі бұрын сотты болған. Тергеу барысында күдіктілердің осындай 6 пәтер ұрлығын жасап, жәбірленушілерге  бірнеше миллион теңге көлемінде шығын келтіргені  анықталды. 

Белгілі болғандай, үй ұрылары пәтерлердің есіктерін қағып немесе терезелерінен қарап, үй ішінде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп алған.  Содан кейін үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, терезелер мен ашық есік арқылы тұрғын үйлерге кіріп, бағалы заттарды, алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап кеткен. Ұрланған мүлікті жас жігіттер сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. 

Қазіргі уақытта аталған жайттар  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың Түркістан қаласының аумағында осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Сіздің мүлігіңізге қылмыстық қол сұғушылықты болдырмау үшін терезелер мен есіктерді темір торлармен және сенімді құлыптармен бекіту керек. Үйден шықсаңыз, тіпті аз  уақытқа болсын кетсеңіз, сыртқы есіктері мен терезелерін сенімді жауып жүріңіз.  Сондай-ақ мүмкіндігінше үйлер мен кіреберістерде бейнебақылау камералары мен к үзет дабылын орнату қажет. Пәтер ұрлығы болған  жағдайда жедел түрде "102" телефоны бойынша полицияға хабарласу қажет, бұл полиция қызметкерлеріне қылмысты "ізін суытпай"ашуға көмектеседі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер