Беташар өткізіп, жұртты жиғаны үшін сот айыппұл төлетті

бета.jpg

Түрксітан облысының полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданында төтенше жағдай тәртібін бұзып, үйінің ауласында беташар тойын жасаған тұрғынды жауапқа тартты. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16-наурыздан бастап 15-сәуірге дейін енгізілуіне байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет жасауда. Күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қандай да адам көп жиналатын басқосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауда.

Осындай кезекті рейд барысында Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде тұрғын-үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталды. «Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзған аталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу“ бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салды.

Түркістан облысы полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулықтарыңыз үшін дұрыс болмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер