Полиция тұрғындарды малды қараусыз қалдырмауға шақырады

жылкы.jpg

Түркістан облысының полицейлері арызданған шаруаның жылқыларын тауып берді. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, бес жылқысы жоғалғанын көрсетті. Жәбірленушінің айтуынша, ақпан айының соңында ол жылқыларын көріп қайту үшін мал жайылымына барады, алайда табынды таппады. Бұл жайт полиция бөліміне тіркеліп, полицейлер жоғалған жылқыларды іздеуге кірісті. 

Бәйдібек АПБ-да полиция қызметкерлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ мал тасымалдайтын автокөліктерді тексеріп, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер бір апта ішінде жоғалып кеткен жылқыларды тапты. Тәртіп сақшылары жылқыларды 8-10 шақырым қашықтықта орналасқан аймақтан тауып, заңды иесіне қайтарды. Өз кезегінде, Ауыл тұрғыны Бәйдібек АПБ-нің полиция қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіріп, жеделділік пен кәсібилік көрсетіп, жылқыларды тауып, қайтарып бергеніне ризашылығын жеткізді. Ер адам алдымен жоғалып кеткен малды өз бетімен тауып алуға тырысып, екі күн уақыт жоғалтқанын мойындады. Ол өзінің сәтсіз іздеуінен кейін ғана полицейлерден көмек сұраған. Тұрғын тәртіп сақшыларының жұмысына табыс тіледі. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болып, төрт-түлігін қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Мал иелері жайылымға малдарын қараусыз жібермей, бақташы жалдап, сондай-ақ үй малын таңбалауды және сырғалауды ұмытпау керектігін ескертеді. Сондай-ақ, мүмкіндігінше өзінің қора-жайларын сенімді қоршаулармен беітіп, жарықтандыру қажет. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда, дшұғыл «102» телефоны арқылы полицияға хабарлаңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер