Есірткі сатқан күдікті полициядан құтылмады

марихуана.jpg

Түркістан облысының полицейлері героин мен марихуана сатқан күдіктіні ұстады. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне белгісіз тұлға қоңырау шалып, героин мен марихуана сатып жүрген ер азамат туралы хабарлайды. Аталған хабарлама бойынша сарыағаштық полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізеді. Күдіктіні ұстау бойынша арнайы қажетті деген іс-шаралардың барлығын ойластырып, іске асырады. Осылайша жедел уәкілдер есірткі сатушының ізіне түсіп, оны құрықтайды. 

Күдіктінің тұрғылықты мекен жайын тінту барысында оның жер төлесінен есірткіге ұқсас заттар табылды. Сот-криминалистикалық сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі заттары шамамен 0,2 гр. героин мен 300 грамнан астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Ұсталған азамат Сарыағаш қаласының жергілікті тұрғыны болып шықты.

Бүгінде ол қамауда. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 296-баптың 3-бөлігімен және 297-баптың 1-бөлігімен қылмыстық іс жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер