Түркістан облысында тәртіп бұзған 16 адам қамауға алынды

сот.jpg

Түркістан облысында құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлатқан азаматтар 5 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды.

Елемесовтің айтуынша, қоғамдық орындарда азаматтар мейлінше бетперде пайдаланып, нысандар есік тұтқаларын дәке маталармен орау санитарлық талаптарға сай келмейді. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай жариялағаны белгілі. Президент тапсырмасы негізінде Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен өңір басшылығының жанынан арнайы штаб құрылып, ситуациялық орталық жұмысын бастаған болатын. Департамет басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов дезинфекциялау шаралары арнайы  мониторинг топтарымен күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстар  ақпараты ситуациялық орталыққа күнделікті ұсынылып отырғанын жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер