Түркістан облысында қылмыстар азайып келеді

поли.jpg

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде 123 құқықбұзушылық анықталып, 43 тұрғын қамауға алынды. Дегенмен, Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан деректепге сүйенсек, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, жасалған қылмыстар саны біршама азайған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде наурыз айының ортасынан бері енгізілген төтенше жағдай режимі 1 мамырға дейін ұзартылды. Осы тұста күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен Түркістан облысының полицейлері тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларды анықтап, шара көрілді. 

Облыс бойынша тәртіп сақшылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 – «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 123 жайтты анықтады. Оның ішінде 63 тұрғынға соттың шешімімен әкімшілік айыппұл салынды. Бір азаматқа ескерту беріліп, 43 азамат әкімшілік қамауға алынды. Әлі 16 іс сотта қаралу үстінде. Бұл құқықбұзушылық жасаған азаматтардың бірі төтенше жағдайға қарамастан той, туған күн, беташар, тұсаукесер жасаса, келесілері өздерінің ойын-сауық орындарын ашып, адамдарды қабылдағаны үшін жауапқа тартылды. Ал, тағы біреулері шектелген уақытта адамдар тобы болып шоғырланғаны үшін ескерту алып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер