Медицина қызметкерін балағаттап, бес тәулікке қамалды

далбан.jpg

Мақтаарал ауданында полицейлер медицина қызметкерін балағаттап, қорқытқан азаматты ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желіде белгісіз біреудің медицина қызметкерін қорқытып, балағаттап жатқан туралы бейнежазба таралған болатын. Аталған жайт Мақтарал аудандық Полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1 бөлігінде көзделген төтенше жағдай кезінде қасақана медицина қызметіне бағытталған "ұсақ бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тәрьіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті.

Тез арада жеке басы анықталып, полиция қызметкерлері ұстаған күдікті кешірім сұрауға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерінің араласуымен жазасын алған аталған бейнежазбадағы азамат өзінің жасаған әрекетіне қатты өкініп, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді. Сонымен қатар, өзі тілдеген медицина қызметкері мен барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Дегенмен, өткен іске өкініп кешірім сұрау жазадан құтқармайды. Құқық бұзушы аудандық соттың қаулысымен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер