25 мың теңге ұрлап, полицияның қолына түсті


Бәйдібек ауданының полицейлері жинақ сандықшаның (копилка) ішіндегі ақшаны ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыны арызданып, үйінде ұрлық болғанын айтты. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне белгісіз тұлға кіріп, жатын бөлмесінен 10 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін анықтады. Оған қоса ұрының үстел үстінде тұрған жинақ сандықшаның ішіндегі 15 мың теңгені де жымқырғаны белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Бәйдібек АПБ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеп, қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыс болған орыннан криминалистер саусақ іздерін және аяқ киімнің іздерін алды. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды аралап, көршілер мен куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырды.
Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Анықталғандай, күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы көлемі 25 мың теңге ақшасын қолды қылған. Ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
94422130_876842359458120_1410695468798705664_n.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер