7 жүргізуші құқық бұзғаны үшін қамалды

95544355_882311582244531_310713314470526976_n.jpg

Ордабасы ауданында полицейлер карантин кезінде мас халде көлік басқарған жеті жүргізушіні ұстады. Оларға хаттама толтырылып, әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері күнделікті күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Басты мақсат – түрлі жол-көлік апаттарын болдырмау, әрбір жолаушының үйіне аман-есен жетуі, сондай-ақ еліміздегі карантинге байланысты шектеулерге сай жұмыстар жасау. Осындай кезекті жұмыс түнінің бірінде, сағат 23:31 шамасында патрульдік полиция тобының инспекторлары Темірлан-Бөржар тас жолы бойында жолдың шетіне шығып кетіп, аударылған көлікті анықтайды. Тексеру барысында «Nissan Murano» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Сонымен қатар, жүргізушінің 2019 жылдың желтоқсан айында Ордабасы аудандық сотының шешімімен 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Одан бөлек, медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші көлікті мас халде көлік басқарғаны анықталды. Жүгенсіз жүргізуші Ордабасы АПБ-не жеткізілді. Бас шарасы «міндеттеме». Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабымен «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудандағы көшелердің бірінде жол ережесін бұзған тағы бір ауыр жүк көлігі анықталды. Тексеру барысында жүргізуші мас халде көлік басқарғаны айқындалды. Бұл дерекке байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр қағидаларын бұзу», 608-бап «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» хаттамалар толтырылды.

Жалпы Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері карантин басталғалы бері 7 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы « Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттама толтырылып, аталған жүргізушілер әкімшілік қамауға алынған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шардара полицейлері көлікті заңсыз айдап кеткен мас күдіктіні ұстады
  • Түркістан облысының полицейлері сора егумен айналысқан күдіктіні анықтады
  • Түйе ұрлаған күдіктіні кентаулық полицейлер ұстады
  • Жүргізу құқынан айырылса да мас хәлде көлік басқарып қолға түсті
  • Ұрыларды ұстаған полицейлерге алғыс айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер