Тәртіп сақшылары жоғалған малды табуға көмектесті

атакентпол.jpg

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп жүр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің осылай ашықтық орнату талабын Мақтарал ауданының полицейлер жұмыс барысында орындады.

Мақтаарал ауданыдық Полиция бөлімінің кезекшігіне Атакент ауылының жергілікті тұрғыны арызданып, белгісіз себептермен үйінің алдындағы көшелердің бірінде жайылып жүрген сиыры мен бұзауы жоғалып кеткенін айтып, табуға көмектесулерін сұрайды. Полицейлер аталған жайтты полиция бөліміне тіркеп, оқиға орнына шықты. Мақтаарал АПБ-нің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, жоғалған жануарларды жәбірленушінің үйінен шамамен бір шақырым қашықтықта, жергілікті каналдың жанында жайылып жүрген жерінен тапты. Табылған сиырларды тәртіп сақшылары заңды иесіне қайтарды. Ал, жәбірленуші болса малдарын тауып берген Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерінің кәсібилігіне, жеделділігіне ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға үй малдарына сақ болу керектігін ескертеді. Төрт-түлігіңізді қараусыз қалдырмаңыздар. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне мал ұрлықтары қараусыз қалған малдармен орын алады. Одан бөлек, қара-жайларыңызды берік материалдармен бекітіңіздер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер