Құқық қорғаушылар жоғалған баланы екі сағатта тапты

балатабу.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Мұның жарқын үлгісін бүгін жетісайлық тәртіп сақшылары көрсетті.

Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Әйелдің айтуынша, ол есік алдында ойнап жүрген 8 жасар ұлын жоғалтып алған. Өздері іздеп таппаған соң, полицейлерге хабарласып, белгісіз бағытқа кетіп қалған ұлын тауып беруге көмек сұраған. Аталған жайтты полицейлер полиция бөлімінде тіркеп, жоғалып кеткен жасөспірімді шұғыл іздеуге кірісті.
Оқиға орнына Жетісай АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға УПИ полиция аға лейтенанты Әділхан Муфтиллаев пен полиция капитаны Мейірхан Жетібаев шығып, анасынан баланың суреттерін алып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тәртіп сақшылары сол аумақтағы барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды. Осылайша 2 сағатқа созылған қажетті іс-шаралар нәтижесінде, жоғалып кеткен бала өз үйінен 6 көше ары қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Полицейлер табылған жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына аман-сау күйінде тапсырды.
Өз кезегінде, жасөспірімнің анасы Жетісай АПБ-нің қызметкерлеріне алғысын білдірді. «Аяқ асты ойнап жүріп жоқ болған баламды тауып әкеліп бергендеріне ризамын. Жұмыстарына табыс тілеймін. Әрқашан осылай халықтың қорғаны болып жүре беріңіздер»-дейді, баласымен қайта қауышқан ана қуаныштан көзінен шыққан жасын жасыра алмай.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер